Фрилансерлердің орташа жалақысы қанша?

Фрилансерлердің орташа жалақысы қанша?
Фото: Көрнекі сурет

Қазақстанда фрилансерлердің орташа жалақысы қанша екені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты корғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаһандану, технологияның дамуы, COVID-19 пандемиясы стандарт емес жұмыспен қамту нысандарының қарқынды өсуіне серпін берді. Адамдар дәстүрлі жалдамалы жұмыстан гөрі еркін табысы бар фрилансингке ауысты. ҚР ЕХӘҚМ Еңбек ресурстарын дамыту орталығының мамандары талдау жүргізіп, 2021 жылы Қазақстанда қанша фрилансер ресми жұмыс істегенін анықтады.

ЕРДО сарапшылары 2021 жылы Қазақстанда 1 миллионнан аса адам фрилансер болып жұмыс істегенін анықтады.  

Қазақстанда фрилансерлердің айлық орташа саны 255,8 мың адамға жетті. Фрилансерлердің негізгі бөлігі білім беру, сауда салаларына, сондай-ақ, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамсыздандыру секторында жұмыс істейді. 

Олардың орташа табысы - 124 мың теңге, ал медианалық табысы - 65 мың теңге. Бұл ретте ең жоғары табыс кәсіптік және ғылыми қызмет салаларына (орташа табыс 211 мың теңге және медианалық табыс - 111 мың теңге), тау-кен өндіру өнеркәсібіне (209 мың және 149 мың теңге), ақпарат пен байланысқа (188 мың және 93 мың теңге) тиесілі.

Өңірлерге қатысты жиынтығында Алматы, Астана және Шымкентте шамамен 41 пайыз фрилансер бар, оның ішінде тек Алматыда - 22 пайыз.

"Көп ұйым фрилансерлерді белгілі бір жобаларға тартады, бұл оларға белгілі бір дағдылары бар жұмысшыларды іріктеу мен жалдаудың процесін ұзақ етпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында бизнес персонал мен инфрақұрылым шығындарын азайтады. Фрилансер ретінде сіз нарықтағы біліміңіз бен дағдыларыңызға сүйене отырып, қашан, қайда, кіммен жұмыс істеу керегін және жұмысыңыздың қанша тұратынын шеше аласыз. Алайда еркін жалақы алатын қызметкерлер көбінесе әлеуметтік қорғау жүйелерінен тыс қалады, әдетте дәстүрлі жұмыспен қамту шеңберінде берілетін еңбек құқықтарында, мысалы, жыл сайынғы демалыстар, ауруханалық демалыстар, біліктілікті арттыру шектеулі", - деді ЕРДО Стратегия департаментінің директоры Ұлпан Шегенова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек