Оралда екі жыл бойы қалталы кісілерді қорқытып, ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды
![Оралда екі жыл бойы қалталы кісілерді қорқытып, ақша бопсалаған күдіктілер ұсталды](/userdata/news/news_78152/image_l.jpg)
Фото:
polisia.kz
Батыс Қазақстан облысында екі жыл бойы тұрғындарды қорқытып, ақша талап етіп келген екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар 33 жастағы қала тұрғынын қорқытып, 11 млн теңге көлемінде ақша алған. Жәбірленушінің саяжайдағы үйі мен жеке дүние-мүлкін өз аттарына жаздырып алған.
"Осы іске күдікті ретінде бұрын істі болған 1966 және 1980 жылғы екі азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан