Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 4 қазақстандық жоғалып кеткен

Қазақстандағы Түркия елшісі Уфук Екиджи жер сілкінісі кезінде қанша қазақстандық жоғалып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түрік елшісінің сөзінше, бүгінде төрт қазақстандық жоғалып кеткені белгілі. 

"Төрт қазақстандық жоғалып кеткен. Оның үшеуі Хатай қаласында, біреуі Адана қаласында жоғалып кеткен", - деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте. 

Еске салайық, бұған дейін Astana Hub технопаркінің халықаралық агенті Мирус Құрмашев Түркиядағы жер сілкінісінен кейін туыстарымен байланысқа шықпай жатқаны хабарланған болатын. Ол жер сілкінісі кезінде Хатай қаласында болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!