Астанада автобустар кешігіп жатыр

Астанада автобустар кешігіп жатыр
Фото: Tengrinews

Астанада қоғамдық көліктің аялдамалар арасындағы жиілігі 50 минутқа дейін жетті. Бұған қаладағы кептеліс себеп болып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жағдайды елордадағы жолаушылар тасымалына жауапты City Transportation Systems компаниясы растап отыр.

"Елорда жолдарында коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Біздің компанияның диспетчерлік қызметі қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысын онлайн режимде бақылап отыр", - делінген компанияның парақшасында.

Айта кетейік, Астанада биыл қыста 3 миллион текше метрге жуық қар шығарылған болатын. Ал 7 ақпанға қараған түні 9,4 мың текше метр, яғни 721 рейс қар жиналған. Сондай-ақ, қазір қалада су тасқынына қарсы шаралар жүргізіліп жатыр. Астанада су басу қаупі бар 21 учаске тіркелген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz