"Шошып ояндық". Қазақстандық Түркияда жағдай қандай екенін айтты

"Шошып ояндық". Қазақстандық Түркияда жағдай қандай екенін айтты
Фото: anadoluagency

Газиентеп тұрғыны Жадыра Асанқызы жер сілкінісі қалай болғанын айтты, - деп хабарлайды Qazaqstan.tv.

Телеарна мәліметінше, ол жер сілкінісі басталғанда үйінде отбасымен бірге болған. Олар жалаңаяқ далаға шығып, қауіпсіз жерге жеткен.

"Ұйықтап жатып шошып ояндық. Баланы алып шықтық. Қорқынышты дауыстар естілді. Аяғымызға ештеңе киместен шығып кеттік. Үй өте қатты тербеліп тұрды, үстімізге құлайтын сияқты. Жалаң аяқ жүгіріп, алысқа кеттік. Барлық адам естері шығып, не істерін білмей, туысқандарына хабарласып, түгендеп жатыр. Мен де Қазақстандағы барлық ағайынды хабардар еттім. Қазір осындамыз, жатақхана береді. Үйге бармаймын. Қорқынышты. Ауа райы жаман болып тұр. Ешкім үйіне барғысы келмейді", - дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін 6 ақпанда Түркияның оңтүстігіндегі Кахраманмараш провинциясында таңғы сағат 4:17-де 7,7 балдық жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова