Жер сілкінсе не істеу керек?

Түрлі күштегі сейсмикалық көріністер Қазақстан Республикасы аумағында жиі кездеседі.

Бірақ 5 балға дейін жер сілкінісі қауіпті емес. Сондықтан әрбір жер сілкінісінен қорқып, даурыға беруге негіз жоқ. Ал 5 балдан жоғары жер сілкінісі қауіпті саналады. Мұндай кезде алдын ала жоспарлап, қауіпсіздікті сақтаған жөн. Белгілі бір жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін білгенде, өмірді сақтап қалуға болады.

Жер сілкінісі кезінде қай қабат қауіпсіз?

1-қабат өрт, жер сілкінісі және осыған ұқсас күрделі төтенше жағдайлар кезінде ең қауіпсіз орын саналады. Бірінші қабаттағы пәтерден тез шығу да оңай.

© 1obl.ru

Жер сілкінісі кезінде үйдегі ең қауіпсіз орын

Үйде болсаңыз ішкі қабырғаға, бұрышқа, қабырға тірегіне барып тұрыңыз. Мүмкін болса, үстелдің астына жасырыныңыз - бұл сізді құлап жатқан заттар мен әйнектен қорғайды. Терезелерден және ауыр жиһаздардан аулақ болыңыз. Егер балаларыңыз болса, оларды денеңізбен қалқалап қорғаңыз.

Төсекте жатсаңыз бетіңізді төмен қаратып, басыңызды және мойныңызды жастықпен жабыңыз. Сыртта болсаңыз, ғимараттардан алыс болыңыз. Үзілген сымдардан абайлаңыз.

Жер сілкінген кезде үй ішінде не істеуге болмайды?

Бөлмеден шығудың ең қысқа және қауіпсіз жолын алдын ала жоспарлаңыз.

Жер сілкінген кезде:

• жүгіруге;

• сыртқы есікке баруға;

• балконға шығуға;

• балконнан немесе терезеден секіруге;

• лифтті пайдалануға болмайды.

© iz.ru

Жер сілкінісіндегі ең қауіпті заттар?

Жер сілкінісі кезінде ғимараттардағы ең қауіпті орындар: сыртқы және ішкі қабырғалар шыныдан болса қауіпті саналады. Мұндай кезде әйнектен аулақ болыңыз.

Неліктен ваннада жасырынған дұрыс?

Жуынатын бөлме сіздің қауіпсіз баспанаңыз. Газ құбырлары жоқ, пәтердің ішкі бөлмесінде және терезелері жоқ. Бұл маңызды! Өміріңізді сақтап қалуға септігін тигізеді.

Жер сілкінісінен кейін не істеуге болмайды?

Ашық отты қолданбаңыз. Баспалдақпен төмен түсуге болмайды. Зақымдалған ғимараттарға жақындамаңыз, оларға кірмеңіз. Тағы қайталануына дайын болыңыз, өйткені жер сілкінісінен кейінгі алғашқы 2-3 сағат ең қауіпті саналады.