Ернар Айдар жаңа туған сәбиіне қандай есім берді?

Ернар Айдар жаңа туған сәбиіне қандай есім берді?
Фото: Instagram/ernaraidar_kz

Танымал әнші Ернар Айдар әйелін перзентханадан шығарып, жаңа туған сәбиіне қандай есім бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. 

"Айкөркем, қош келдің. Аллаға шексіз шүкір! Баршаңызға жұғысты болсын. Жақында барлық сәбиге арналған жаңа ән… 

Алғанымнан өзіңді алғаш қолыма,
Шуақ төктің оңым менен солыма,
Табаныңа кетпесін тас батып,
Жүрегімді төсеп берем жолыңа", - деп жазған өнер иесі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?ℝℕ?ℝ ????ℝ ?? (@ernaraidar_kz)

Желі қолданушылар әншіге құтты болсын айтып, пікір қалдырған.  

"Құтты болсын! Өмірі ұзақ болсын", "Бауы берік болсын! Алла өмірін ұзақ қылсын", "Ақылды, бақытты болсын", "Ғұмырлы болсын, балапан!", - деп жазған оқырмандар.

Еске салайық, бұған дейін Ернар Айдар қызды болғанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек