Алматыда жер сілкінісі сезілді

Алматыда жер сілкінісі сезілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

СТӘЭ сейсмикалық станциялар желісі мәліметінше, Алматыда бүгін сағат 08:46-да жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында болған.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4,7. Эпицентр координаттары - 44,91° солтүстік 80,95°Ш. Тереңдігі - 15 шақырым", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!