Қарағандылық дәрігерлер баланың асқазанынан 11 магнит алды

Қарағандылық дәрігерлер баланың асқазанынан 11 магнит алды
Фото: "Астана" телеарнасы

Қарағандылық дәрігерлер баланың асқазанынан 11 магнит алды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, облыстық балалар ауруханасы мамандары екі жасар баладан бөгде заттарды алу үшін ота жасаған. Қазір жансақтау бөліміндегі кішкентай науқастың жағдайы тұрақты.

Дәрігерлердің сөзінше, баланың іші қатты ауырып, құсқан. Іш қуысы мүшелерінің рентгенографиясы асқазан-ішек жолында бөгде заттар барын көрсеткен. Кейінірек бұл балаларға арналған ойыншықтың бөлшектері, 11 кішкентай шар түріндегі магнит екені анықталған. Ота бірнеше сағатқа созылған, бірақ сәтті өткен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова