Алматыдағы "Сәлем" базарында өрт шықты

Алматыдағы "Сәлем" базары өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 6 ақпанда 21:09-де өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Бөкейханов көшесі 508а мекенжайындағы өртті сөндіруге барған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минуттан соң келген. Алдын ала ақпарат бойынша сол сәтте "Сәлем" сауда орынның екіқабатты контейнердің 120 шаршы метрі жанған.

Сағат 21:42-де өрт ауыздықталған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!