Шымкент пен Таразда жер сілкінді

Шымкент пен Таразда жер сілкінді
Фото: pixabay.com

"Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС 2023 жылғы 6 ақпанда Алматы уақытымен 19:02-де жер сілкінісін есепке алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 628 шақырым жерде болған.

Энергетика класы - 11.7. MPV магнитудасы - 5.4. Дүмпу 5 шақырым тереңдікте болған.

Ол Шымкентте ДСМ-64 шкаласы бойынша 2-3 балл, Темірлан ауылында 3 балл, Таразда 2 балл болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан