Жеңілдетілген автонесие: бір минутта сайтқа 125 мың адам кірген

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша бір минутта сайтқа 125 мың адам кірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

761 қазақстандық өтінімін платформа жұмысы басталған алғашқы 18 секундта, сағат 10.00-де тіркеген. Сайтқа кіргендер саны бір минутта 125 мың адам болды.

Айта кетейік, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "өтініш беру" функциясы істен шыққан. Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмаған, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған. Келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады. 

@massaget.kz #автонесие#автокредит#қазақстан#казахстан#рек#жаңалық#алматы#сайт ♬ оригинальный звук - Massaget.kz

Еске салайық, бұған дейін Қазнет жеңілдетілген автонесие туралы қалай әзілдеп жатқаны хабарланған болатын. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!