Байлық үшін салық. Кімдер төлеуге міндеттеледі?

Байлық үшін салық. Кімдер төлеуге міндеттеледі?
Фото: pexels.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров байлық үшін салық кімдерге салынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы министр Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Әлібек Қуантыров Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілгені туралы айтып берді.  

"Кейінгі 4-5 жылда цифрландыруды оңтайландырудың арқасында 3 триллион теңгеден артық салық жиналды. Бұл тенденция жалғаса бермек. Салық жинаудан басқа, салық ауыртпалығын әділ бөлу керек. Сондықтан байлық үшін салық салуды жоспарлап отырмыз. Мұнда негізгі идея - үлкен салық жауапкершілігін жоғары кірісті салаларға ауыстыру. Белгілі бір жұмыс былтыр халықаралық тауар нарықтарында саудаланғанына байланысты тау-кен салығы 30-50 пайызға өскен кезде жүргізілді. Бұл биылдан бастап бюджетке түсетін түсімдерді едәуір ұлғайтуға тиіс, бірақ тау-кен өндіруші компаниялардың кірістілігі мен қызметіне теріс әсер етпеуге тиіс", - деп түсіндірді министр. 

Қуантыровтың сөзінше, байлық үшін салықты қолданыстағы салықтар аясында өндіріп алу қарастырылып жатыр, бірақ мөлшерлемесі, тәсіл қайта қаралады.

"Бұл мысалы, көлік құралдарын алғашқы тіркеуге салынатын салық немесе автокөліктің құнына байланысты жыл сайынғы көлік салығына салынатын болады. Сондай-ақ, салық сомасы жылжымайтын мүлік санына байланысты болады. Біз мынаны қарастырамыз: егер бір жеке тұлғада екіден көп жылжымайтын мүлік болса, онда әрбір жылжымайтын мүлікке қосымша салық салынады.

Бір жағынан, жеке тұлғаның ондаған жылжымайтын мүлігі, пәтері, үйі болып, оны туыстарына қайта жазады деген қауіп бар. Осы немесе басқа мүлік тіркелген әрбір жеке тұлға ол үшін стандартты салық төлейді. Бірақ бізде біркелкі және әділ бөлу болады. Байлық үшін салыққа келетін болсақ, бұған көлік құралдары, жылжымайтын мүлік объектілері, жеке үлбір бұйымдары, бағалы бұйымдар, өнер объектілері, жеке құндылықтар, яхталар жатады", - дейді Қуантыров. 

Министр байлық үшін салық орта класқа салынбайтынын атап өтті. Жаңа Салық кодексі күшіне енген сәттен бастап бюджетке байлық үшін салық түсе бастайды.

Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыздар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина