Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, боран соғады

6 ақпанда үш өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында және тау бөктерінде тұман түседі. Түнде тау асуларында оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Шымкентте түнде тұман түседі. Түркістанда да түнде тұман күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылордада да тұман болады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!