Композитор Алтынбек Қоразбаевтың шәкірттері мерейтойына қымбат сый жасады

Композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 75 жасқа толды. Шәкірттері өнер иесінің мерейтойына орай көлік мінгізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев Instagram-парақшасында жариялаған.

"Шәкірттеріңіздің атынан елдің алдында, ағайын-туыс, достарыңыздың алдында сіз шаршамай жүрсін деп астыңызға темір тұлпар мінгіземіз", - деді Тоқтар Серіков.

"Көп рақмет, айналайын, балапандарым", - деп ризашылығын білдірген Алтынбек Қоразбаев.

Желі қолданушылары да бұл сый еңбектің жемісі екенін айтқан.

"Құтты болсын, еңбегіңіздің жемісін көрді деген осы шығар, шәкірттеріңіз өте керемет", "Балаша қуанып қалды, жарайсыздар", "Еңбегі ақталды, жарайсыңдар, мәрт жігіттер, Алла жар болсын", - деп жазған пікір білдіргендер.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!