Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің себебі белгілі болды

Қызылорда облысындағы жұмбақ өлімнің себебі белгілі болды

Қызылорда облысы Полиция департаменті өкілдері мұнай компаниясы қызметкерлерінің өлімінің себебі алдын ала мәлімет бойынша белгісіз заттан улану болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қызылорда облысында 3 ақпанда "Қазспекторстрой" ЖШС мердігерлік компаниясының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша тіркелді", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалған. Қазір болған оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, олар белгісіз заттан уланып қайтыс болды", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында мұнай компаниясының екі қызметкері жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова