Экс-министр Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орнында ұстаз болып жұмыс істеуге дайындалып жатыр

Экс-министр Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орнында ұстаз болып жұмыс істеуге дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты. 

"Иә. Бұдан басқа да жоспарлар бар. Бірақ болашаққа дәл осындай шешім бар. Бұл өте қызық. Кезінде өзім де біраз жыл ұстаз болып жұмыс істегеннен кейін әрқашан жүрегіме жылы, жақын болып тұрады", - дейді экс-министр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!