ЕАЭО-ға мүше елдерде ортақ валюта болмайды - Сағынтаев

ЕАЭО-ға мүше елдерде ортақ валюта болмайды - Сағынтаев
Фото: primeminister.kz

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде ортақ валюта болмайды. Бұл туралы Алматыда алты мемлекеттің үкімет басшысы Еуразиялық үкіметаралық комиссияның кеңейтілген отырысында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жиында премьер-министрлер бірқатар маңызды мәселе талқылап, өзара ынтымақтастық пен алыс-берісті одан әрі нығайтуға уағдаласты.

Комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақытжан Сағынтаев көптен бері айтылып жүрген ортақ валюта енгізу тақырыбы күн тәртібінде жоқ екенін айтты.

"Бұл біздегі Одақ келісімшартынан шығып отыр. Ол келісімшартқа сәйкес, 2025 жылға қарай біз ЕАЭО елдеріне ортақ, бірыңғай қаржы нарығын қалыптастыруымыз керек. Осының аясында қаржы саласының заңнамасын үндестіру туралы келісім қабылдануы керек. Қаржы саласы дегенде банктер, бағалы қағаздар, сақтандыру нарығы екенін білесіз, яғни Одаққа мүше елдер арасында ортақ валюта енгізілмейді. Біздің келісімшартта, құжатта бұл туралы мүлдем айтылмаған", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан