Тоқаев ауыл кәсіпкеріне дәнуатқыш аппарат сыйлады

Тоқаев ауыл кәсіпкеріне дәнуатқыш аппарат сыйлады
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қарапайым ауыл тұрғынының тұрмыс-тіршілігімен танысу үшін жеке қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырған Жамбыл облысындағы Қостөбе ауылы тұрғынының үйіне барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекқор жігіттің кәсібіне табыс тілеп, өз атынан дәнуатқыш аппаратын сыйға тартты.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында жүр. Бұған дейін Президент жазушы Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоғын қойып, Тараздағы Студенттер үйіне, Байзақ ауданында жаңадан ашылған Көкорал орта мектебіне, Мырзатай ауылындағы "Әулие Ата Феникс" құс фабрикасына, Талас ауылында орналасқан "Қостөбе-2019" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне, Сарыкемер ауылындағы жаңа емханаға барды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан