Антикор журналист Махамбет Әбжанның кәсіпкерден ақша алып жатқан сәтінің видеосын жариялады

Антикор журналист Махамбет Әбжанның кәсіпкерден ақша алып жатқан сәтінің видеосын жариялады
Фото: видео скрині

Антикор журналист Махамбет Әбжанның кәсіпкерден ақша алып жатқан сәтінің видеосын және оған дейінгі телефон арқылы әңгіменің аудиосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Махамбет Әбжан бүгін, 3 ақпанда 9 жылға сотталды. Астананың Сарыарқа аудандық №2 мамандандырылған ауданаралық соты Махамбет Әбжанды көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп таныды. Журналистің өзі тағылған айыпты мойындамады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік журналист, блогер Махамбет Әбжан 2022 жылғы 3 шілдеде кәсіпкерден 50 миллион теңге алғанын, бұған дейін оның алаяқтық бойынша екі рет сотталғанын, шартты жаза алып, мерзімінен бұрын босағанын мәлімдеді.

Бұған қоса, Антикор жәбірленуші кәсіпкердің өкілі мен журналист Махамбет Әбжанмен сөйлесіп жатқан аудиосын жариялады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан