Түркістан облысында эвакуацияланған тұрғындар тегіс үйіне оралды

Түркістан облысында эвакуацияланған тұрғындар тегіс үйіне оралды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысында эвакуацияланған тұрғындар үйіне оралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, эвакуацияланған 204 адам тегіс үйіне оралды, ал басқа жаққа айдалып жіберілген 790 ұсақ мал иелеріне қайтарылды.

"Су басқан 98 ауладан 3 418 м3 су сорылды. Сауран ауданының 23 аула аумағы және Арыс қаласындағы 1 жеке тұрғын үй бақылауда қалып отыр. Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуге 443 адам, 71 бірлік техника, 43 мотопомпалар және 1 жүзу жұмылдырылған", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2023 жылғы 1-2 ақпанда Түркістан облысындағы бірнеше көше мен ауланы су басқаны хабарланған болатын. Кейінгі ақпараттар бойынша, өңірде ауа райы қолайсыздығына байланысты Бәйдібек, Ордабасы және Сауран аудандарында 6 көше, 48 аула су астында қалған. Кейін Түркістан облысында 204 адам эвакуацияланып, туыстарының үйіне жайғастырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан