Қатонқарағайда сирек кездесетін құну парктегі фототұзақты кеміріп тастаған

Әлеуметтік желілерде Катонқарағай ұлттық паркінде мекен ететін ерекше аң-құстардың кадрлары жиі жарияланады. Жақында паркке орнатылған камералардың бірін жыртқыш құлатып тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Парк қызметкерлері әлеуметтік желіде құнудың видеосын жариялады. Жыртқыш ағаш басындағы камераны құлатып тастаған. Алайда бейнежазба сақталған.

Парк қызметкерлері кейде камералар жануарлардың ермегіне айналатынын айтады.

"Ұлттық парк бойынша 30-ға жуық фототұзақ бар. Сапа жағынан өте мықты, себебі апталап, айлап жұмыс істейді. Құрылғылар мықты жіппен орнатылады, кейде ол жіп қар барысының ермегіне де айналады. Біраз уақыт бұрын камерамыз сынып қалған, мамандар аюдың ісі шығар деген жорамал жасады", - дейді парк қызметкері Арнас Аугонбаев.

Мамандардың сөзінше, фототұзақтың әрқайсы түрлі әдіспен құрылады. Мысалы, елік, маралдарды түсіру үшін камера жоғары жерге орнатылса, жыртқыш аңдар үшін құрылғылар тау-тастарға бекітіледі.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, парк аумағында 130-150 құну мекен етеді. Құну терісі - бағалы жыртқыш. Ол ел аумағында өте сирек кездеседі.

Балауса Қожаева

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!