"Сүйінші, ағайын". Ернар Айдар қуанышты жаңалығын бөлісті

Танымал әнші Ернар Айдар қызды болды. Ол бұл сүйінші жаңалықты Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ассалаумағалайкум баршаңызға. Сүйінші, ардақты ағайын! Алланың қалауымен қасиетті жұманың таңында тағы да әке атандым. Қызды болдым. Аллаға шексіз шүкір", - деп жазған әнші Желіде.

Айта кетейік, Ернар Айдар - эстрада әншісі. Оның "Күнім, сен сөнбеші", "Сүйемін", "Сенен басқа кімім бар?" секілді танымал әндері бар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!