Көктайғақ, тұман, жауын-шашынға байланысты алты өңірде ескерту жасалды

Көктайғақ, тұман, жауын-шашынға байланысты алты өңірде ескерту жасалды
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның алты өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамына қарағанда, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыс бағыттан оңтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында тұман түседі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында кей уақытта қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар жауады. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Павлодар облысының батысында тұман түседі.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан