Camry 70: Орал әкімі қызметтік көлігін ауыстырды

Орал әкімі Миржан Сатқановтың жаңа көлікке көшкенін байқаған тұрғындар "Мой город" редакциясына хабарласқан. Олар шенеуніктердің дағдарыс кезінде көлік ауыстырғанына наразы болған, - деп хабарлайды "Мой город".

Орал әкімдігі өкілдері Camry 70 жаңа емес екенін, көлік Trade-In бағдарламасы бойынша сатып алынғанын айтты. 

Trade-In - бұл жаңа көлікті ескі көлікпен ауыстырып, тауарды айтарлықтай төмен бағада алуға мүмкіндік беретін қызмет.

"2012 жылғы Camry 50 қызметтік көлігінің жағдайы нашар болғандықтан, жиі істен шығуына байланысты жөндеуге қосымша шығындар қажет болды. Нәтижесінде бюджетке қосымша салмақ түсті. Бюджет қаражатын үнемдеу үшін Trade-In бағдарламасы бойынша Camry 50 және тағы екі ескі Skoda сервистік көлігін Trade-In бағдарламасы бойынша бір пайдаланылған Camry 70 көлігіне айырбастау туралы шешім қабылданды", - деп жауап берді әкімдік өкілдері ресми сауалға.

Қала басшысының жаңа көлігі 2019 жылы шығарылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!