Алматыда екі автобус соқтығысты: 6 адам жарақат алды

Алматыда екі автобус соқтығысты: 6 адам жарақат алды
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда екі жолаушылар автобусы соқтығысты. Жол апатынан алты адам жарақат алған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, жол апаты 08:30-да болған. №31 бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, арақашықтықты сақтамай, аялдамада тұрған №116 SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан. 

Polisia.kz

"Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам жарақат алған. Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері Жол апаты өндіріске қабылданды", - делінген хабарламада.

Polisia.kz.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек