Гүлмира Кәрімованың өкілеттігі тоқтатылды

Сенат отырысында қайтыс болған депутат Гүлмира Кәрімованың өкілеттігі тоқтатылғаны мәлім болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Гүлмира Кәрімованың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Конституцияның 52-бабы 5-тармағына сәйкес, Парламент депутаты қайтыс болған жағдайда оның өкілеттігі тоқтатылады. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Сенатқа тиіс ұсыныс енгізді", - деді Мәулен Әшімбаев.

Еске салайық, бұған дейін жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімованың қайтыс болғаны белгілі болды. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, сенатордың өліміне жедел миокард инфарктісі себеп болған. Анафилактикалық шоктың дамуы туралы ақпарат расталмаған.

Ол қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланды. ОСК Каримованы 25 қаңтарда сенатор ретінде тіркеді. Гүлмира Каримова 2021 жылғы қыркүйектен бастап Білім және ғылым министрлігі (Білім министрлігі) Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!