"Қатты ұқсайды". Биографиялық фильмде Майкл Джексонді кім сомдайтыны белгілі болды

Поп-музыка аңызы 2009 жылы маусымда қайтыс болды. 14 жылдан кейін ол туралы "Майкл" биографиялық фильмі түсіріліп жатыр. Басты рөл музыканттың ағасының баласы 26 жастағы Джафар Джексонға бұйырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Бұл туралы картина режиссері Антуан Фукуа өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

"Майкл рөлін Джафар Джексон сомдайтынын мақтанышпен хабарлаймын. Поп-корольге айналған адамның жолын зерттейтін кино. Жақында", - деп жазды Антуан Фукуа.

Фильмге қатысын Джафар Джексон да растады.

 "Майкл ағамның оқиғасын өмірге айналдыру мен үшін үлкен мәртебе", - деп жазды Джафар Джексон әлеуметтік желіде.

Джафар Джексоннің да музыкаға тікелей қатысы бар. Жас жігіт 12 жасынан бастап ән айтады және билейді, ал 2019 жылы "Got Me Singing" әнін шығарды. Ал кинодағы бұл алғашқы рөл.


Майкл және Джафар

Түсірілім процесін бақылаған адамдар Джафардың Майклға қатты ұқсайтынын айтады. Сондай-ақ олардың энергетикалары да ұқсайды екен.

Джафар және Майкл

Фильмнің қашан шығатыны әзірге белгісіз.