Алматыдан 279 шақырым қашықта зілзала болды

Алматыдан 279 шақырым қашықта зілзала болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, жер сілкінісі 2 ақпанда таңертең Алматы уақыты бойынша сағат 8.08-де тіркелген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан", - делінген хабарламада.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,4, ал магнитудасы 5,1 болды. Тереңдігі 10 шақырым деңгейінде тіркелді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!