Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтап қалды

Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтап қалды
Фото: Әлихан Сариев/Tengrinews.kz

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 19 765 004 мың адам болды. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде қалалықтар – 12 208,2 мың, ауылдықтар – 7 556,7 мың адам.

Табиғи өсім есебінен халық саны 268 791 адамға өскен, көші-қон сальдосы теріс – -6 946.

2022 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 261 845 адамға көбейген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан