Шымкентте бес баласымен үш жыл кафеде тұрған әйел қоныс той жасады

Шымкентте бес баласымен үш жыл кафеде тұрған әйел қоныс той жасады
Фото: видео скрині

Шымкентте үш жыл бойы балаларымен кафеде тұрған әйел үйлі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жалғызбасты әйел балаларымен бірге өзі жұмыс істейтін кафеде тұрып келген. Ол табылған жұмысты істеген. Кафенің еденін, ыдыс-аяғын жуып, аспазға да көмектескен. Ешкімнен көмек сұрамай, басына түскеннің бәрін өзі жеңуге тырысқан.

"Әрекет жасағанымен, бір адамның тірлігі болмайды екен. Салқын жерде балаларым ауру болғанын қаламаймын. Пәтерге қабылдамағаннан кейін бастығым балаларыммен осында уақытша тұруға рұқсат берді. Кейін пәтер табылып жатса, сол жаққа көшіп аласың деді. Оңай емес, кейде кафеге ішіп алған кісілер келеді, дөрекі сөйлеп қалмасын деп, балаларыма тиіп кетпесін ұмтыламын", - дейді Мария.

Мәрияның күйеуі ауыр дерттен қайтыс болған. Осы күнге дейін әкесінің жоқтығын білдірмей, жалғыз өзі отбасын асырап келген. Олар тұрған кафенің бөлмесінде жарық болмаған. Балалары кафедегі қонақтар кеткен соң бос кабинкаға кіріп, сабағын оқып, тамағын ішіп жүрген.

Бұл отбасының жағдайын Қазақстандағы қайырымдылық қоры біліп, көпшіліктен ақша жинап, Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылынан 5 бөлмелі үй сатып алып берген. 

Қазақстандықтар бұл отбасыға 21 миллион теңге жинаған. Жаңа үйді 20 миллион теңгеге сатып алып, қалған сомаға жиһаз бен үйге қажетті заттар сатып алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан