Қазақстанның төрт өңірінде тұман және көктайғақ болады

Қазақстанның төрт өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылы ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының шығысында тұман болады. Шығыстан жел соғады, түнде Мұғалжар ауданында екпіні - 17 м/с.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ болады. Қызылорданың өзінде түнде және таңертең жауын-шашын, көбіне жаңбыр жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!