Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Метеорологтар мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары қысымды өріс ықпалында болады. Ауа райы аязды, желсіз және жауын-шашынсыз ашық болады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жауын-шашын күтіледі: республиканың батысында, шығыста қар жауады, республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын болжанады.

"Оңтүстік облыстарда ауа температурасы күндіз 7-12 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, оңтүстікте жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!