ҰҚК арнайы операция жүргізді: есірткіні әлеуметтік желі арқылы саудалағандар ұсталды

ҰҚК арнайы операция жүргізді: есірткіні әлеуметтік желі арқылы саудалағандар ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан аумағына аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні кіргізудің және сатудың тұрақты арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, "мефедрон" және "альфа-PVP" әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы саудаланған. Есірткі жасырын орындардың координаттарын беру арқылы бетпе-бет кездесусіз алынып отырған. 

Жинақталған бұлтартпас айғақтардың нәтижесінде Шымкент және Қонаев қалаларында есірткі синдикатының ұйымдастырушысы мен үш көмекшісі ұсталды.

Тінту барысында заңсыз айналымынан 103 келі синтетикалық есірткі алынды.

 

Өлімге әкелетін "тауарды" Астана, Алматы, Қонаев, Көкшетау, Шымкент, Тараз, Қызылорда және Өскемен қалаларында тарату көзделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина