АҚШ орманында аю 400 селфи жасаған

АҚШ орманында аю 400 селфи жасаған
Фото: Instagram/hedonist.almaty

Колорадо штатындағы орманда қоңыр аю фотоқақпанға түсіп қалған. Камерада аюдың 400 суреті анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі hedonist.almaty Instagram-парақшасына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Boulder Open Space and Mountain Parks ұйымының инспекторлары хабарлады. Олардың айтуынша, камера қақпанынан түсірілген кадрларды тексергенде 580 кадрдың 400-і бір аюға тиесілі екені анықталған. Бұл орманда қандай да бір жануардың камераға түсуге мұндай қызығушылық танытуы алғаш рет.

Аю камераға қызығушылық танытқаны сонша, ол оның алдында көп уақыт өткізіп, тұрысын өзгерткен. Ал кейбір кадрларда ол тіпті қызық түр көрсетіп түскен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гедонист Алматы (@hedonist.almaty)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек