Алматыда "Сергектің" жаңа түрі пайда болды

Алматыда "Сергектің" жаңа түрі пайда болды
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыда патруль полиция көліктеріндегі жаңа "Сергек" камералары видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Камералар патруль көліктердің төбесіне орнатылған.

Алматы ІІД мәліметінше, қазір қалада "Сергектері" бар осындай сегіз патруль көлігі бар. Полиция қызметкерлері уақыт өте келе олардың саны артатынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_almata)

Жаңа "Сергек - патруль" кешені мегаполистегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған. Қазір жоба пилоттық нұсқада жүзеге асырылып жатыр.

"Камералар мен жоғары интеллект көмегімен кешен көлікті ағынмен анықтайды, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Бұл ретте мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі "субстрат" нысанасына, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің жоқтығына, төленбеген айыппұлдардың, айдап әкетудің және қандай да бір қылмыстарға қатысы бар-жоғын салыстырып тексеруден өтеді. Сонымен қатар, Бағдарлама қоғамдық көлікке арналған жолақтарда жол қозғалысы ережелерін бұзуды тіркейді. Құрылғыда тіркелген оқиғалар жол ережелерін бұзуды өңдеу үшін әкімшілік құқықбұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі", - деді Алматы ПД әкімшілік полиция басқарма бастығы Нұрлан Аманбек.

Жаңа автоматтандырылған кешеннің техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай жақсарды. Жабдық қараңғыда да, қолайсыз ауа райында да, аязда да сапалы жұмыс істейді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек