Тағы бір сала мамандарының жалақысы өседі

Тағы бір сала мамандарының жалақысы өседі
Фото: gov.kz

Енді әскери дәрігерлердің жалақысы өседі, - деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

"Әскери дəрігерлер мен азаматтық денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеудегі теңгерімсіздікті болдырмау мақсатында Үкімет əскери дəрігерлердің ақшалай үлесін азаматтық медициналық мекемелер қызметкерлерінің жалақысы деңгейіне дейін арттыру мəселесін пысықтап жатыр", - делінген Премьер-министрдің жауабында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек