Жеңілдетілген автонесие: өтінішті қайда және қалай беруге болады?

Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформа іске қосылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де ресми сайтта іске қосылады. Тіркеу 6 ақпанда сағат 10:00-де басталады. autonesie.kz сайтында өтінім беру үшін өтініш берушіде компьютер, электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), интернет болуы қажет, сондай-ақ автоөндірушілермен алдын ала шешім қабылдауы қажет. Платформада тек Қазақстан аумағында тіркелуге болады.

Кейіннен платформада өтінімдерді қабылдау ай сайын өткізілетін болады және 100-ден аса өтініш берушіні тіркеуге мүмкіндік болады.

Егер өтінім беруші:

1. Бағдарлама аясында автонесие бұған алған болса;

2. Платформада өтінім бұған дейін қалдырған болса өтінім қабылданбайды.

Жеңілдікті автонесиелеу бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!