Ақтөбеде 15 миллион теңге ақша бопсалаған адам ұсталды

Ақтөбеде 15 миллион теңге ақша бопсалаған адам ұсталды
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полицейлер ірі көлемде ақша бопсалаушыны ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтардың аяғында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны белгісіз адам қорқытып, 15 миллион теңге сұрағанын айтып арызданған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімше жауынгерлері көмегімен ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстаған.

Күдікті былтыр жыл аяғында бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова