Алматыда полицейлердің іс-әрекетін бақылайтын "Сергек – Патруль" жұмыс істеп тұр

Алматыда полицейлердің іс-әрекетін бақылайтын "Сергек – Патруль" жұмыс істеп тұр
Фото: Тұрар Қазанғапов/Tengrinews.kz

Алматыда полицейлердің іс-әрекетін бақылайтын "Сергек – Патруль" жұмыс істеп тұр. Жаңа функция қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғасын азайтуға бағытталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жоба қазіргі уақытта пилоттық нұсқада қосылды. Оған патрульдік полиция экипаждарын "Сергек – Патруль" автоматтандырылған кешендерімен жабдықтау кіреді. Камералардың және жоғары интеллекттің көмегімен кешен ағындағы көлікті анықтап, нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Сонымен бірге мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі "жалған" нөмір емесіне, техникалық байқаудың және сақтандыру полисінің болмауына, төленбеген айыппұлдардың болуына, ұрлыққа және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғына тексеріледі. Сонымен қатар бағдарлама қоғамдық көліктерге арналған жолақтардағы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін түсіреді. Құрылғымен тіркелген оқиғалар ЖҚЕ бұзуды өңдеу үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізіліміне жіберіледі, – деді Алматы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Оның айтуынша, жаңа автоматтандырылған кешен өзінің техникалық мүмкіндіктерін айтарлықтай жақсартқан. Жабдық қараңғыда, қолайсыз ауа райында және аязда жақсы жұмыс істейді. Автоматтандырылған бағдарламалық кешен "Қорғау" мобильді қосымшасымен біріктірілген.

"Автоматтандырылған бағдарламалық кешен әрекетінің алгоритмі келесідей: құқық бұзушының көлігін анықтап, оның мемлекеттік нөмірі тіркелгеннен кейін нақты уақыт режимінде нысаналы базалармен салыстыру жүргізіледі. Бірден полиция қызметкерінің қызметтік планшетіне тәртіп бұзушылық немесе шектеу туралы хабарлама келеді. Әрі қарай инспектор заңға сәйкес шаралар қолданады. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін қызметкердің жұмыс кезіндегі іс-әрекеті бағдарламаға тіркеледі", – деді Аманбек.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан