600 мың теңгеге қалыңмал берілген оқиғаға қатысты тың дерек шықты

600 мың теңгеге қалыңмал берілген оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Фото: © pavlodarnews.kz

Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызға 600 мың теңге көлемінде қалыңмал берілген оқиғаға қатысты жаңа ақпарат шықты. Бұл оқиға туралы "НеМолчи Кз" қорына Шымкент тұрғыны айтып берген, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Бауыржан Мәсімовтің айтуынша, 15 жастағы қызын Жетісай ауданына апарып, танымайтын адаммен беташар рәсімін өткізген. Өтініш берушінің айтуынша, кейінірек бұрынғы әйелі бұл пранк екенін айтқан. 

Қыздың әкесі бұл туралы әлеуметтік желілерден білген. Әкесі күйеу жігіттің мектеп оқушысын алып қашқанын, ал анасына қалың малға 600 мың теңге төленгенін айтады. Әкесі құқық қорғау органдарына арыз берген. Ер адам қызын ұрлап әкеткендерді заң бойынша жазалауды сұрап отыр. Бауыржан Мәсімовтің сөзінше, қыз анасымен бірге бөлек тұрады, бірақ алимент төлейді.

"Қазір қызым бұрынғы жұбайымның үйінде. Оны зорлады ма, жоқ па, білмеймін. Жетісайдағы полицияға арыз жаздым, себебі қызымды жетісайлық жігіт алып қашқан. Арыздан кейін бұрынғы жұбайым пранк екенін айтты. Енді полицейлер бұл іс пранк болғандықтан тоқтатқысы келеді. Бұрынғы әйеліме қызыма осылай жасау үшін не жетпегенін білмеймін. Оған үй де, ақша да бердім", - дейді шымкенттік Бауыржан Мәсімов.

Құқық қорғау органдары ешкім қызды күштеп ұстамағанын, кәмелетке толмаған қыз өзі жақсы білетін адамға тұрмысқа шығуға шешім қабылдағанын мәлімдеп отыр.

"Қызды ұрлау және мәжбүрлеп ұстау деректері расталмады. Қыз бен жігіт бұрыннан таныс және бірге өмір сүруді жоспарлап отырғаны белгілі болды. Қазір қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша тергеліп жатыр", - дейді Түркістан облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлнар Әбдіжаппарова.

Бауыржан Мәсімов кәмелетке толмаған қызына қатысты істі ерекше бақылауына алу үшін Бас прокуратураға жүгінуге ниетті. Қазір 15 жастағы қыз Шымкентте анасымен бірге тұрады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова