Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша бөлінбейді

Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша бөлінбейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, бағдарлама 2024 жылдан бастап іске асырылады. Бала 18 жасқа толғанға дейін олардың арнайы шотына Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы түсіп тұрады.

18 жасқа толған бала шотындағы ақшаны алғанда салық салынбайды. Қаржы министрлігі тиісті ережелерді әзірлеп жатыр.

Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты ала алмайды. Ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі.

"Бала шетелге кете алады, егер ол азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Егер 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады", - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!