Павлодар облысының әкімдігі "болашақ депутаттардың тізіміне" қатысты түсінік берді

Павлодар облысының әкімдігі Мәжіліс пен мәслихат сайлауында депутат болатын кандидаттардың тізімін дайындау туралы ақпаратқа түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстағы аудандардың бірінде болашақ депутаттардың тізімі белгілі екені туралы ақпарат Instagram-да тараған болатын. 

Павлодар облысының әкімдігі өкілдерінің сөзінше, бұл - фейк ақпарат. 

"БАҚ және әлеуметтік желілерде облыс аудандарының бірінде Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауына негізгі және балама кандидаттардың тізімі жасалғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері мұндай жұмыс жүргізіп жатқан жоқ", - деді облыс әкімінің баспасөз қызметі өкілдері.

Әкімдік өкілдері сайлау процесін ұйымдастырумен аумақтық сайлау комиссиялары айналысатынын атап өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!