Нұрлан Құрмалаев экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

Нұрлан Құрмалаев Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматыда туған.

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттің жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2010 жылы жекеменшік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары Astana Innovations АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.

2018-2019 жылдары "Самұрық Қазына" КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.

2019-2021 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2021-2022 жылдары "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2022 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

 Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!