Қанат Ысқақов ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ысқақов Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкентте туған. 

әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін, Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматыдағы мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті әкімшілігі мемлекеттік хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті әкімшілігі стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеген.

2012-2021 жылдары ҚР Президенті әкімшілігі баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитетінің төрағасы, 2022 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!