Текелі әкімдігі неге PlayStation 5 сатып алмақ болғанын түсіндірді

Текелі қаласының әкімдігі PlayStation 5 ойын консолін сатып алу туралы хабарландыруды не үшін жариялағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісу облысындағы Текелі қаласының мәдениет үйі PlayStation 5 ойын консолін және оған арналған бірнеше ойынды сатып алу туралы хабарландыру жариялаған. Топтаманың бағасы 600 мың теңге болған.

Қала әкімдігі "Текелі қаласы әкімінің қалалық мәдениет үйі" МКҚК халыққа мәдени-демалыс қызметтерін кеңейту мақсатында балалар ойын бөлмесін ашатынын хабарлады. Осы мақсаттар үшін заманауи PlayStation 5 ойын консолі мен теледидар сатып алынады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!