"Прокурорды қылмысқа итермелеген". Cash Ville казиносының заңгері қамауға алынды

"Прокурорды қылмысқа итермелеген". Cash Ville казиносының заңгері қамауға алынды
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Cash Ville казиносының заңгері пара беру дерегі бойынша қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 қаңтарда Ақмола облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, Cash Ville казиносының заңгерінің қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Прокурордың тексеруі барысында казино өкілі прокуратура қызметкеріне пара ұсынды. Жүргізілген жедел тексеріс нәтижесінде қадағалау органының қызметкеріне 20 мың доллар көлемінде пара беру дерегі анықталды", - делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастады.

28 қаңтарда тергеу соты күдіктіге екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова