Пәкістанда мешіт маңында жарылыс болып, 25 адам қаза тапты

Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешіт маңында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті билік мұның террорист-жанкештінің шабуылы екенін мәлімдеді. Ол мешітте 150-ге жуық адам, оның ішінде жақын маңдағы полиция бөлімшелерінен намаз оқуға келген көптеген полиция қызметкері болған кезде жарылғыш затты іске қосқан.

Оқиға салдарынан 25 адам қаза тауып, 80-нен астамы жараланған. Төтенше жағдайлар қызметі мәліметінше, ауруханаға жеткізілгендердің көпшілігі ауыр халде жатқандықтан, қаза тапқандар саны артуы мүмкін деген қауіп бар.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылысты айыптап, кінәлілерге "қатаң шара қолданылатынына" уәде етті. Шабуылды әзірге ешкім мойнына алмаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!