Желіде Pfizer вакцинасынан тромб қалыптасатыны туралы ақпарат тарады

Желіде Pfizer вакцинасынан тромб қалыптасатыны туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желі қолданушылары Pfizer компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасынан тромб қалыптасатыны туралы жазып жатыр. Бұл туралы әйгілі дәрігер Ричард Флеминг мәлімдеген екен. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Басылым мәліметінше, Ричард Флемингтің Pfizer шығарған вакциналардан тромб қалыптасатыны туралы мәлімдемесі алғаш рет 2021 жылғы қазанда жарияланды. Сондай-ақ, әйгілі конспиролог Алекс Джонстың Infowars порталында осы вакцинацияға қарсы адамның видеосы шыққан. Бұл - қастандық теориялары мен псевдоғылымды насихаттайтын сенімсіз портал.

Pfizer вакциналарынан тромб қалыптасады деген теорияның дәлелі жоқ. Жаппай вакцина науқаны басталғаннан бері АҚШ-та 396 миллионнан аса адам Pfizer вакцинасын салдырған. 31 миллионға жуық адам осы препараттың үшінші, бустерлік дозасын алған.

Сонымен қатар, вакцинадан тромбтар қалыптасқан жағдайлар тіркелмеген. Тромбтардың қалыптасатыны туралы Pfizer препаратының сирек кездесетін жағымсыз реакцияларының тізімінде жоқ.

Бұған дейін Ричард Флемингтің теориясын америкалық фактчекинг порталы LeadStories жоққа шығарған болатын. Олар оның мәлімдемелері дәлелсіз деп таныған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова