Алимент төлемеген 16 мың борышкерге елден шығуға тыйым салынды

Алимент төлемеген 16 мың борышкерге елден шығуға тыйым салынды
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда алимент төлемегендер балаларына 14 миллиард теңгеге жуық қарыз. Осындай 16 мың қазақстандықтың елден шығуына тыйым салынған, екі мыңнан аса адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Әділет министрлігі мәліметінше, қазір Қазақстанда 80 мыңнан аса алимент төлейтін адам бар, олардың 14 миллиард теңгеге жуық қарызы болған. Өңірлер арасында Астана мен Алматыда борышкерлер көп.

Адвокаттардың айтуынша, алимент төлеушілер төлемді азайту үшін нақты кірісті әдейі төмендететін жағдайлар болады. Кейбіреулер басқа тәсілдерді қолданады: мүлік пен бизнесті басқа адамдарға қайта жазады немесе жалақысы төмен жұмысқа орналасады.

Заң тіпті жұмыссыздарды алимент төлеуге міндеттейді. Сонымен қатар, борышкерге қылмыстық іс қозғау үшін үш ай ғана ақша аудармау жеткілікті екен. Кейбір жағдайда ол қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, ең жаманы - екі жылға дейін бас бостандығынан айыру. 2022 жылы сот жүзден аса қазақстандықты қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова